Алматы 2022 ж./г.
- Жалпы ережелер.
1.1 «Лингвистикалық колледж» ББМ-нің оқу бөлімі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2 Оқу бөлімі колледждегі білім беру процесін ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жетілдіру мақсатында құрылады.
1.3 Оқу бөлімі өз қызметінде: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартын, ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын, үлгілік біліктілік сипаттамаларын басшылыққа алады. Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдардың лауазымдарын, ҚР Үкіметінің қаулыларымен, ҚР Білім Министрінің бұйрықтарымен және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілермен, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, колледж директорының бұйрықтары мен өкімдерімен, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің шешімдерімен, осы Ережемен.
1.4 Оқу бөлімін, колледж директорының бұйрығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары басқарады.
1.5 Оқу бөлімінің құрамына: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу бөлімінің бастығы кіреді.
- Оқу бөлімінің міндеттері.
Оқу бөліміне келесі міндеттер жүктеледі:
2.1 Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарының орындалуын іске асыру және бақылау.
2.2 Оқу процесінің мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандық бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру.
2.3 Түлектерді сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында пәндік циклдік комиссиялардың қызметін үйлестіру.
2.4 Директордың, директор орынбасарларының оқу жұмысына қатысты нұсқауларын, өкімдерін уақтылы орындау.
2.5 Оқу құжаттамасын жүргізу, сақтау, мұрағаттау.
III. Оқу бөлімі қызметінің бағыты.
3.1 Оқу процесінің кестесін, оқу сабақтарының кестесін, кеңес берулерді, факультативтерді, аралық және қорытынды аттестаттауды жасау және рәсімдеу үшін құжаттаманы дайындау, олардың орындалуын бақылау.
3.2 Оқу жұмыс жоспарлары мен студенттер контингенті негізінде пәндік циклдік комиссиялардың оқу жүктемесін және колледж оқытушыларының педагогикалық жүктемесін қалыптастыру.
3.3 Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша колледж директорының және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
3.4 Диспетчерлік жұмыс жүргізу: жоқ оқытушыларды ауыстыру, ауыстыруды есепке алу, оқытушылар мен студенттерді ауыстыру туралы хабардар ету, аудиториялық қорды бөлу.
3.5 Мамандығы бойынша студенттерді қорытынды аттестаттау үшін материалдар дайындау.
3.6 Контингенттің қозғалысын есепке алу; студенттерді келесі курсқа ауыстыру, оқудан шығару (академиялық және қаржылық берешек бойынша) және қалпына келтіру туралы бұйрыққа материалдар дайындау.
3.7 Есеп бөліміге қажетті құжаттаманы уақтылы ұсыну (штаттық оқытушылардың, қоса атқарушы оқытушылардың ай сайынғы табельдері).
3.8 Колледж студенттерінің электрондық деректер базасын жүргізу.
3.9 Жаңа топтағы студенттерге үлгерім кітапшалары мен студенттік билеттерді беру және барлық курстарда оқытуды, анықтамаларды, көшірмелерді және құжаттардан үзінді көшірмелерді рәсімдеуді бақылау.
3.10 Теориялық оқыту журналдарын тексеру, оларды толтырудың сапасы мен жүйелілігі.
3.11 Дипломдар, дипломдардың тұпнұсқаларын, академиялық анықтамалар беру кітаптарын жүргізу.
3.12 Колледж оқытушыларының ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
3.13 Оқу жылының соңында оқытушылардың педагогикалық жүктемесін орындау туралы есептер жасау.
- Құқықтары мен міндеттері.
4.1 Міндеттерді іске асыру және жүктелген функцияларды орындау үшін оқу бөлімінің құқығы бар:
– Колледждің құрылымдық бөлімшелерінен оқу бөлімінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, анықтамалық және басқа материалдарды сұрату және алу.
– Колледж оқытушыларының сабақ өткізуін бақылау.
– Оқытушылардан сабақ кестесін, кеңес берулерді орындауды және нұсқаулыққа сәйкес журналда жазбаларды жүргізуді талап ету.
– ПЦК бекіту үшін оқытушылардан емтихан материалдарын емтихан сессиясына дейін бір айдан кешіктірмей талап ету.
– Оқу процесін ұйымдастырудың және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің бұзылуын анықтаған кезде шаралар қабылдау.
– Оқу процесінің сапасын жақсарту бойынша колледж басшылығына ұсыныстар енгізу.
4.2 Оқу бөлімінің міндетті:
– Алынған қызметтік ақпаратты әкімшіліктің, ПЦК-ның, топ кураторларының назарына уақтылы жеткізу.
– Колледж сайтында оқу құжаттамасын (оқу процесінің кестесі, оқу сабақтарының кестесі және т.б.) орналастыру үшін уақтылы ақпарат беру.
-Колледжде оқу үдерісін тұрақты бақылауды жүзеге асыру.
– Барлық есепті құжаттарды сапалы және уақтылы жасау.
– Студенттер контингентінің дербес және статистикалық есебін енгізу.
- Оқу бөлімі қызметкерлерінің жауапкершілігі.
Оқу бөлімінің қызметкерлері жауапты:
5.1 Осы ережеде айқындалған міндеттер мен функцияларды уақтылы және сапалы орындағаны үшін.
5.2 Колледж әкімшілігіне, жоғары тұрған және бақылаушы органдарға ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы үшін.
5.3 Құжаттарды пайдалану және олармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін сақтағаны үшін.
5.4 Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтағаны үшін жауапты.