Әдістемелік қызметтің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысы колледжді дамытудың басым бағыттары ретінде айқындалған стратегиялық бағыттарын іске асыруға бағдарланатын болады: Өткен оқу жылының жұмысын талдау нәтижесінде: МЖМБС-ның (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) іске асырылуын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету; Қазіргі заманғы білім беру және тәрбие технологияларын әзірлеу және енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға ықпал ету; Оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің өсуіне ықпал ету, инновациялық қызмет жағдайында олардың шығармашылық әлеуетін ашу, жаңа білім беру технологияларын игеру бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіру; Өзін-өзі тәрбиелеу тақырыптары бойынша оқытушылардың жұмысын жандандыру, озық педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал ету. 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік қызметтің мақсаты: Өзін-өзі тәрбиелеу, біліктілікті арттыру, өзекті педагогикалық тәжірибе алмасу, білім беру процесіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу арқылы оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіру.