Біздің Лингвистикалық колледжімізде «LC Debate Club» пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Пікірсайыс клубының негізгі міндеттері:
- Патриотизм мен интернационализм сезімін тәрбиелеу;
- Плюрализм мен толеранттылықтың қалыптасуы;
- Шешендік өнерді оқыту;
- Оң тәжірибе мен инновациялық идеялармен алмасуды жолға қою;
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын шыңдау;
- Жастар ортасында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту;
- Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Клуб шеңберіндегі пікірсайысшылар халықаралық қатынастардың түрлі өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан жастарының мәселелерін талқылайды. Пікірсайыс клубының жұмысы аясында студенттер талқыланатын мәселелер бойынша терең білімдерін, сонымен қатар шешендік және сыни ойлау дағдыларын көрсетеді. Отырыстар аптаның сәрсенбі күні сағат 14:35-те екі аптада бір рет өткізіледі.