Лингвистикалық мектеп – лицейі 1999 жылы құрылған
Біздің лицей ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға бағытталған.
5- 9 сынып оқушыларын қабылдайды
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: ағымдағы жылдың 25 мамырынан 31 тамызына дейін.
Оқыту тілі – орыс тілі.
Лингвистикалық мектеп – лицейі ағылшын тілін тереңдетіп оқығысы келетін және болашақ мамандығын ағылшын тілімен байланыстырғысы келетін немесе шетелде оқуды жоспарлап жүрген жалпы білім беретін мектептердің барлық қызығушылық танытқан оқушыларын қабылдайды.
Лингвистикалық мектеп – лицейі сыныптан тыс жұмыстар мен үйірме жұмыстарын жүргізеді – лицей ағылшын және қазақ тілдерін, сонымен қатар қытай тілін тереңдетіп оқытады. Оқушылар барлық оқулықтармен және оқу материалдарымен қамтамасыз етілген