Тәрбие жұмысы 

Тәрбие жұмысы

 Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:

  • ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;
  • халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;
  • әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  1. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  2. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
  2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
  5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.

Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

Ұлттық мүдде құндылығы:

  • Қазақстан мемлекеттілігіннығайтуға атсалысу;
  • Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;
  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
  • Қазақ тілінің қолдануаясын кеңейту;
  • Қазақстан мүддесінеқызмет етуге ұмтылу;
  • Қоғам игілігі үшінқызмет ету;
  • Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасызетуге дайын болу;
  • Ұлттық мәдениеттідәріптеу;

Күтілетін нәтижесі:

  • Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл
  • Мемлекеттік рәміздерд іқадірлейді
  • Елінің тарихын құрметтейді
  • Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді
  • Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары

Ар-ұят құндылығы:

  • Академиялық адалдыққағидатын қолдау;
  • Адал еңбекті құрметтеу;
  • Сөзіне берік, ісіне адал болу;
  • Халқына адал қызмет ету
  • Әдеп нормаларын ұстану;
  • Шешім қабылдай білу жәнежауапкершілікті сезіну;
  • Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
  • Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну.

Күтілетін нәтижесі:

  • Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;
  • Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
  • Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;
  • Достарын, сыныптастарын сыйлайды;
  • Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.

Талап құндылығы:

  • Сыни және креативті ойлау;
  • Жеке және командаменжұмыс істей білу;
  • Білуге, жаңаны тануғақұштар болу;
  • Физикалық белсенді болу;
  • Салауатты өмір салтынұстану;
  • Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;
  • Дұрыс қарым-қатынасорната білу;
  • Уақыт пен қаржынытиімді жоспарлау.

Күтілетін нәтижесі:

  • Жан мен тән тазалығын сақтайды;
  • Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
  • Қоршаған орта тазалығын сақтайды;
  • Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
  • Ізденімпаз, жасампаз тұлға.