«Лингвистикалық колледж» ББМ-нің тәрбие жұмысында, колледжді дамытудың стратегиялық жоспарында белгіленген тәрбиелік және білім беру басымдықтарымен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысының мақсаты: кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты ретінде студенттің тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және әлеуметтендіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Осы мақсатқа жету үшін колледж ұжымы төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді: Отандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, әлеуметтік тәрбие, отбасылық тәрбие, еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Тәрбие жұмысының бұл бағыттары оқу процесінде және сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.