«Аударма қызметі нарығында сұранысқа ие кәсіби және жалпы мәдени құзыреттіліктердің қажетті деңгейі бар, бәсекеге қабілетті, көптілді мамандарды даярлау».
Колледж көзқарасы: колледж өзін еліміздің тіл саясатының талаптарына сай келетін жоғары білікті мамандарды даярлауда жетекші орын алатын көптілді оқу орны ретінде қарастырады.
«Лингвистикалық колледж» ББМ-нің басым бағыттары студенттердің шет тілдерін меңгеруге, болашақ мамандығына, белсенді азаматтық ұстанымына, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастыру болып табылады, өзін сапалы аударма қызметін ұсынатын қалыптасқан колледж ретінде көрсетеді.