«Лингвистикалық колледж» ББМ 1994 жылы 4 тамызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде құрылды. Аталған университеттің ректоры С. С. Құнанбаеваның бастамасымен колледж Алматы қаласы бойынша шет тілді білім беруді жүзеге асырған алғашқы колледж болды. Колледж тек бір мамандық бойынша білім береді:
4s023101000-аударма ісі
Біліктілігі -02310101 –аудармашы
Бүгінгі таңда колледж Білім беру қызметтері нарығында 25 жылдан астам жұмыс істеп, осы мамандық бойынша мамандандырылған оқу орны болып табылады.
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқыту формасы: күндізгі бөлім
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде-2 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай;
Көптілділікті насихаттай отырып, Лингвистикалық колледж Екінші шет тілін оқытуды жүзеге асырады: қытай, түрік, француз, неміс және корей.